Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ГОЛЛАНДИЯЛЫҚТАР ҚАЗАҚСТАННЫҢ АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНІНЕ ИНВЕСТИЦИЯ ҚҰЙМАҚ

ГОЛЛАНДИЯЛЫҚТАР ҚАЗАҚСТАННЫҢ АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНІНЕ ИНВЕСТИЦИЯ ҚҰЙМАҚ«АЛМЭКС» холдингтік тобы еуропалық «Staay Food Group» (Голландия) компаниясымен бірлесіп, ауылшаруашылық саласына маманданған «Astana Fresh» атты ортақ кәсіпорын ашады.
«АЛМЭКС» холдинг тобы мен голландиялық «Staay Food Group» компаниясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, соның аясында Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені мен тамақ өнеркәсібіндегі  жобаларды дамытпақшы.
Алғашқы кезеңде тараптар Қазақстан мен оған жақын орналасқан елдерден жеміс-жидек пен көкөніс тасымалдайтын жүйе құру арқылы отандық фермерлермен арадағы ынтымақтастықты нығайтпақ. Бұл бастама жылыжай мен ашық топырақта жеміс-жидек пен көкөніс өсіретін отандық ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерге зор қолдау болып, олардың құлшынысын арттыра түседі делінуде. Тараптар екі жақтың қатысуымен ашылып жатқан «Astana Fresh» компаниясы фермерлер мен ауылшаруашылық өнімдерін тұтынатын ірі компаниялардың арасын жалғайды деп сенім артып отыр.
«АЛМЭКС» пен «Staay Food Group» компаниялары нарықты зерттей келе, келешекте ортақ жылыжай кешендерін, көтерме-бөлшек сауда орталықтарын салуды, «Staay Food Group» тәжірибесіне, білімі мен жаңа технологиясына сүйене отырып жаңа піскен жеміс пен көкөністі өңдейтін кәсіпорындар ашуды көздеуде.
Екі тараптың да қазақстандық жоғарғы білім беру мекемелерімен әріптестік орнатуға талпынысы байқалады, олар ауылшаруашылық өнімдері мен тамақ өнімдерін өндіру салалары бойынша білікті мамандар даярлап, отандық білім ордаларының ғылыми-зерттеу әлеуетін тәжірибе жүзінде пайдалануға пейіл танытып отыр. Одан бөлек, тараптар өзара ынтымақтастық кәсіби білікті кадрлар үшін агроөнеркәсіптік кешендерде қосымша жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беретінін айтуда.
«АЛМЭКС» холдингтік тобы мен «Staay Food Group» компаниясы  отандық фермерлерді сауатты сұхбат құруға шақырып, өзара  ынтамақтастық өз жемісін береді деп сенім білдіреді.
Анықтама
«АЛМЭКС» холдингтік тобы» АҚ – Қазақстандағы ірі қаржылық холдинг. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы бұл топ ұжымдық және жеке клиенттерге Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Грузия сияқты елдерде банк қызметін, ал Қазақстан бойынша сақтандыру қызметін ұсынып жүр. 
«Staay Food Group» компаниясы – 1964 жылы құрылған, жеміс-жидек өсіру және жеткізу бойынша қызмет көрсетеді.
«Staay Food Group» көкөніс пен жемістерді өзінің алқаптарында да, оған қоса Нидерландының жеке шаруа қожалықтарында да, әлемнің өзге де елдерінде өсіреді. Негізгі ауылшаруашылық алқаптары Еуропа, Латын Америкасы, Орталық және Оңтүстік Африкада орналасқан. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: