Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Судан құтқару қызметі рейд ұйымдастырды

Судан құтқару қызметі рейд ұйымдастырдыОблыстағы су айдындарында азаматтардың өлімі мен қайғылы жағдайларды  болдырмау аясында Суда құтқару қызметі құтқарушы-сүңгуірлер Қызылорда қаласы аумағындағы су айдындарында үгіт-насихаттық рейд ұйымдастырды. 
Қызылорда облысы төтенше жағдайлар депертаменті  мемлекеттік тіл және ақпарат тобының хабарлауынша,  үгіт-насихаттық рейдтің мақсаты – облыстағы су айдындарында азаматтардың жарақаты мен қаза болуын болдырмау болды. Аталмыш іс-шараға Төтенше жағдайларды жою бөлімінің бас маманы Ә.Марданов, сүңгуір А.Балманов, ТЖД бас маманы А.Нұрманова және «Хабар» телеарнасының тілшісі Қ.Бекенов қатысты. Сырдария жағасында демалып жатқан 200-ге тарта адамға үгіт-насихат парақтары таратылды. Дауысзорайтқыш аппараты арқылы қала тұрғындары судағы қауіпсіздікті сақтау туралы хабарландырылды.
 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: