Бүгін, 13 шілдеде Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің мәжіліс залында Н.Ермановтың төрағалығымен, департамент басшылығы мен басқарма бастықтарының қатысуымен департамент жанындағы Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өткізілді. Бұл жайында облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғамдық кеңесті мәслихат депутаты, Қоғамдық кеңестің төрағасы Н.Ерманов ашып, кеңестің бағдарламасымен және күн тәртібінде тұрған мәселелермен таныстырып өтті.
Кеңестің қарауында тұрған басты мәселелер бойынша ОІІД Тылмен қамтамасыз ету басқармасының бастығы полиция подполковнигі К.Утеевтің «Ішкі істер органдарындағы материалдық-техникалық жарақтандыру бағытында атқарылып жатырған жұмыстары» тақырыбындағы баяндамасы тыңдалды. Ол өз баяндамасында ішкі істер органдарының базасын заман талабына сай жаңа технологиялармен жарақтандыру мақсатында бюджет есебінен тиісті қаражат бөлініп, қызметтік автокөліктер, арттехқару-жарақтар, құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған құрылғылар алынып жатырғандығын айтты. Сонымен қатар, өз сөзінде қылмыс атаулымен күресіп, қызметтік міндеттерін мүлтіксіз орындау үшін облыс басшылығы тарапынан жан-жақты қолдау көрсетіліп келе жатырғандығын ерекше атап өтті.
Бұдан бөлек қоғамдық кеңес отырысында ОІІД-нің Көші-қон полициясы басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі С.Умаровтың «Заңсыз көші қондылыққа қарсы күрес бағытында атқарылған жұмыстар» тақырыбындағы баяндамасы тыңдалды. Ол өз баяндамасында 2015 жылдың 6 айында облыс көлемінде көші-қон есебіне барлығы 16 мың 793 шетел азаматтары тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда 31 пайызға өскендігін көрсетті. Облыстық ішкі істер органдарымен көші-қондылыққа бақылау жасау жұмыстары көшейтіліп, нәтижесінде шетелдіктер тарапынан жасалған құқық бұзушылықтарды анықтау көрсеткіші 1963-тен 3530-ға, сот шешімімен ел аумағымыздан аластатылған шетелдіктердің саны 57-ден 198-ге көбейгендігін атап өтті.
Жиын барысында аталған мәселелер төңірегінде кеңес мүшелерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалып, сұрақтарына жауап берілді.
Қоғамдық кеңес айтылған мәселелердің жерде қалмай, кеңесте қаралған мәселелер төңірегінде тиімді жұмыстар атқарылуы керектігі жайлы тұжырым жасалынып, қорытындыланды.