Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қазақстанда көктемнің келуі сезіліп тұр

Қазақстанда көктемнің келуі сезіліп тұрҚазгидромет 2015 жылғы 7-9 сәуірге арналған ауа-райы болжамын жария етті.
Солтүстік облыстарда қар жамылғысының сақталуына және кей жерлерде қардың жаууына қарамастан, табиғатта және тек оңтүстікте ғана емес көктемнің келуі сезіледі. Жақын арадағы екі тәулікте Ресейдің Еуропалық аумағынан ығысқан  циклонның ықпалымен батыс және солтүстік облыстарда жауын-шашын, әсіресе қар, көктайғақ күтіледі. Бірақ күндізгі температура барлық жерде қолайлы және 9 сәуірде 5-13º дейін көтеріледі. 
Ал оңтүстікте көктем қызу шағында. Оңтүстік облыстар циклон ықпалында болады, соған орай кей жерлерде жаңбыр және найзағай күтіледі. Бұлтты ауа-райына және жаңбырға қарамастан, күндізгі температура мұнда 17-25º дейін көтеріледі, ол климаттық нормадан 3-7º жоғары болмақ.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: