Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА МҰНАЙШЫЛАР МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА МҰНАЙШЫЛАР МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ

 

Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні және Құмкөл кешенінің игерілуінің 30 жылдығына орай Н.Бекежанов атындағы музыкалық драма театрында облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен мерекелік шара өтті. 
Салтанатты жиында облыс әкімі Құмкөл кенішінің қара алтынына тұңғыш рет тыңнан түрен салған еңбек ардагерлерін, мұнай-газ саласының қызметкерлерін құттықтап, мерейтойлық төсбелгі медалімен марапаттады. 
- Қос тойың қабат болсын» дегендей, биылғы жылы бұл кәсіби мерекені тойлау – Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық және Құмкөл кенішін игерудің 30 жылдық мерейтойларымен тұспа-тұс келіп отыр. Құмкөл кенішінің ашылуы - Сыр өңірінің мұнайлы өлке ретінде дамуы мен өнеркәсіптік аймаққа айналуының негізін қалады. Мұнай өндіру облыс экономикасы тайқазанының негізгі бөлігін толтырып отырған сала. Бүгінгі күні облыс аумағында қара алтын өндірумен 49 кеніште 23 компания айналысады. Мұнай кеніштерін игеру өз кезегінде отандық мұнайсервистік компаниялардың дамуына жол ашты. Қазір бұл салада бір қатар компаниялар мұнайсервистік белдеуді қалыптастырып, жергілікті жұмыс пен қызметті жеткізіп берушілер ретінде танылуда. Облыстың мұнай компаниялары аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы міндеттерді шешуге белсенділікпен атсалысып келеді,- деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев. 
Мұнымен қатар ҚР энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев, СНПС Қазақстан Бас директорының бірінші орынбасары Шао Минг ханым және «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ Президенті Фан Цзячжун сала үздіктерін марапаттау рәсіміне қатысты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: