Көлігіне жалған мемлекеттік белгі орнатқан адам жазаға тартылды
Қызылорда қалалық Полиция басқармасының патрульдік полиция инспекторлары жол қозғалысы ережелерін бұзуды, оны ішінде мемлекеттік тіркеу нөмірі жалған немесе қолдан жасалған көліктерді анықтау бойынша жұмыстарды жүргізуде.
«Қала аумағында №15 әкімшілік аймаққа шартты белгі бойынша 682 бекет болып қызметке түстік. Қызмет атқару барысында Сол жағалауды патрульдеу кезінде «Hyundai Tucson» автокөлігінің жүргізушісін тоқтаттық, себебі мемлекеттік тіркеу нөмілік белгісі бізге күдік тудырды. Құжаттарды тексеру кезінде жүргізуші көлігіне жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін орнатқаны анықталды», - дейді Қызылорда қаласы патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторы полиция капитаны Жонбаев Нұртай.
Жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 590-бабының 4-бөлігімен (Көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару, сол сияқты мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерiн (белгiсiн) сәйкестендіруге кедергі келтіретін не олардың түрін өзгертетін немесе жасыратын құрылғылар мен материалдар қолданыла отырып жабдықталған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару) әкімшілік хаттама толтырылып, жинақталған құжаттар сотқа жолданды. Автокөлік айып тұрағына қойылды.