РАМЗАН ҚАДЫРОВ БАЙҚОҢЫРЛЫҚ НАУҚАС ҚЫЗҒА 10 МЫҢ ДОЛЛАР БЕРДІ
Ресей Батыры Ахмат-Қажы Қадыров атындағы өңірлік қоғамдық қор Байқоңыр қаласындағы 7 жасар Элиф Нұржанованы емдеуге қаржылай көмек берді, - деп жазады "Айқын" газеті.
Бұл туралы жазбаны қыздың анасы Айнұр Нұржанова Инстаграм әлеуметтік желісінде жариялады. "Сәлеметсіздер ме!!! Құдайға шүкір, бірнеше минут бұрын Ахмат-Қажы Қадыров атындағы өңірлік қоғамдық қор Элиф үшін 10500$ аударды. Бақыттымын, айтар сөзім жоқ. Құрметті Рамзан Ахматович, сізге деген алғысым шексіз! Мейрамнан кейін нақты есеп беремін. Мереке болғандықтан алда болатын ота мен 1 қазанда өтуі тиіс тексерілуге қатысты ресми есеп ала алмадық. Мейрамнан кейін төленетін соманы білетін боламыз, оны сізге көрсетемін. Альхамдуллилах, біздің ақша жинау шотымыз жабылды!" – деп жазды қыздың анасы.
Еске сала кетейік, Нұржанованың диагнозы: ми-жұлын жарығы, гидроцефалия, скалиоз, деп хабарлады «Грозный-информ» АА.