Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада таеквондодан жарыс өтті

Қызылордада таеквондодан жарыс өттіҚызылордада Қазақстан Республикасының 4-ші жазғы спартакиадасы аясында таеквондодан (WTF) жарыс аяқталды. 
Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған айтулы додада еліміздің барлық өңірінен қатысқан 250 спортшы 16 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салды. Нәтижесінде жалпыкомандалық есепте 8 жүлдемен Алматы қаласының саңлақтары көш басына шықты. Олардың еншісінде 4 алтын, 2 күміс пен 2 қола медаль бар.  Ал 4 алтын, 1 күміс, 1 қола медальмен Қызылорда облысы екінші,  4 алтын, 2 қола медальмен Атырау облысы үшінші орын алды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: