Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қазалыда оқушылар жазғы демалыспен қамтылды

Қазалыда оқушылар жазғы демалыспен қамтылдыБалалардың жаз мезгіліндегі демалысы мен сауықтырылуын жоғары деңгейде ұйымдастыруға бар ынта-жігерін арнаған Қазалы аудандық білім бөлімі жаз бойы аудан балаларына қалтқысыз қызмет жасауда. Олардың демалысын тиімді өткізу үшін де мектеп жанындағы күндізгі тынығу лагерлері, «Шағала» демалыс орталығы жұмыс жасап, республика, облыстан тыс жерлерге  оқушылар саяхаттауда. 
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабаралуынша, бүгінгі күнге дейін аудан бойынша Жаңақорған ауданы Бесарық ауылындағы «Талдысу» лагеріне 296 бала, Түлкібас ауданы «Таң нұры» лагеріне 22 бала, Бурабай қаласы «Лесная сказка» лагеріне 43 бала, Алматы қаласы «Бөбек» лагеріне 13, Арал ауданы «Қамбаш» лагеріне 56 бала демалды. 
Сонымен қатар, «Шағала» балаларды сауықтыру демалыс орталығына жаз бойы 4 ауысымда  575 бала демалды. 31 шілдеден бастап келесі 5-ауысым басталады. «Қазақстан Темір жолы» АҚ Қазалы ауданы филиалы бастауыш кәсіподағы демеушілігімен Шымкент қаласындағы «Машат», Алматы қаласындағы «Мадагаскар», Бурабай қаласындағы «Балдәурен» лагерлерінде теміржол саласы қызметкерлерінің  2015 жылы жаз бойы барлығы 300-ге жуық бала демалады деп жоспарланды.
Денсаулық сақтау саласы кәсіподағының демеушілігімен Түлкібас ауданы «Таң нұры» лагеріне 8 бала, Арал ауданы «Қамбаш» лагерінде 25 бала, Бурабай қаласы «Лесная сказка» лагеріне 3 бала демалды. Жалпы, аудандағы барлық мектеп оқушылары мүмкіндігінше жазғы демалыспен қамтылуда. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: