Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Байқоңырда ғарышкерлердің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді

Байқоңырда ғарышкерлердің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтедіҚырқүйектің 2 жұлдызында отандасымыз Айдын Әйімбетов ғарышқа сапар шегеді. «СОЮЗ ТМ-18» ғарыш зымыранымен ұшатын ғарышкерлер қазір соңғы дайындық шараларын пысықтап, ұшуға дайындық жүргізуде, деп хабарлайды Хабар. 
Байқоңыр қаласындағы тарихи маңызды сəтті өз көзімен көріп, көрермендерге ақпарат жеткізу үшін біздің арнайы түсірілім тобымыз сонда жұмыс істеуде.   
Нұрбек Байбосын, тілші: 
-Бүгін Байқоңырда баспасөз күні. Міне, қазір ғарышкерлер орналасқан «Косманавт» қонақүйіне аттанып барамыз. Ол жерде баспасөз өкілдеріне арнап бірнеше шаралар өткізіледі деп жоспарланып отыр. Ғарышқа ұшу алдындағы дəстүрге айналған кездесулер өтпек. Бағдарламада белгіленгендей, біз ғарышкерлердің тұрып жатқан жерімен кеңінен танысамыз. Күнделікті физикалық жаттығу жасайтын дене шынықтыру алаңқайын көретін боламыз. Естеріңізге сала кетейін, ғарышқа аттанатындардың қатарында яғни экипаж мүшесі Айдын Әйімбетов бар екендігін. Бүгін сондай-ақ олар қонақүй жанында орналасқан ғарышкерлер аллеясына тал отырғызады деп күтілуде. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: