Қазалы ауданының әкімі кәсіпкерлік нысандарды аралады
Ел экономикасындағы қозғаушы күштердің бірі кәсіпкерлік екендігі белгілі. Бұл ретте қазалылық кәсіпкерлер қомақты үлестерін қосып отыр.
Аудан әкімі Нажмадин Шамұратов «Бизнестің жол картасы 2020» және «Жұмыспен қамту 2020» мемлекеттік бағдарламаларының ауданымызда іске асу барысымен танысу мақсатында бірқатар кәсіпкерлік нысандарын аралап көрді.
Аудан басшысы жеке кәсіпкер Б.Алманиязова қолға алған заманауи үлгідегі монша құрылысымен танысты. «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы шеңберінде несие алып, құрылыс жұмыстарын бастап кеткен кәсіпкер халыққа қажетті кәсіппен айналысқанды жөн көріпті. Бұдан өзге кенттегі 75 орындық «Аида» және 50 орынға арналған «Ақмарал» жеке балабақшаларының жұмысымен танысқан аудан басшысы кәсіпкерлерге сәттілік тіледі.