Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

"Нұр Отан" партиясында жеке қабылдау өткізілді

"Нұр Отан" партиясында жеке қабылдау өткізілдіҚазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) басшысының орынбасары Д.Тұрғанбаев «Нұр Отан» партиясының Қызылорда қалалық филиалында азаматтарды жеке қабылдау өткізді.
Бұл күні өз жеке мәселелерімен жүгінген 6 азамат қабылданды. Қабылдау барысында қала тұрғындарының бірқатар проблемалық сұрақтары қаралып, бақылауға алынды, сондай-ақ азаматтардың кейбір шағымдарына түсіндірмелі жауаптар берілді.
Аталған жұмыс Департамент басшылығымен тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Жеке қабылдауларды өткізу азаматтардың өзекті мәселелерін нақты шешуге және халық арасында сенімнің артуына ықпал етеді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: