Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Барсакелместе жаңа жоба жүзеге асады

Барсакелместе жаңа жоба жүзеге асадыБүгін, 23 қазанда Барсакелмес табиғи қорығында БҰҰДБ-ның «Экожүйелік қызметтер үшін төлемдер енгізу арқылы табиғатты пайдаланушыларды биоәртүрлілікті сақтау шараларына жұмылдыру» тақырыбында семинар өтті. Оны ҰҰДБ-ның биоәртүрлілікті сақтау жобасы мамандары ұйымдастырды.
Семинар барысында аудан әкімінің орынбасары Р.Өтешов қонақтарды Арал ауданының қазіргі жай-күйімен таныстырды. Семинарға халықаралық сарапшы Эрик Григорян арнайы қатысты. Эрик Григорян жобаның маңызды тұстарын айта келіп, Арал ауданының табиғатын қайта қалыпқа келтіруде алатын орыны ерекше екендігін атап көрсетті. Аталған жоба тәуелсіз мемлекеттер арасында алғаш қолға алынғалы отыр. Біздің табиғат жағдайымызда бұл жобаның табиғи байлықтарымызды сақтап қалуда берері мен тиімділігі зор болмақ.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: