Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

«СЫР – АЛАШТЫҢ АНАСЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ФОТОБАЙҚАУ ӨТТІ

 

Облыстық ішкі саясат басқармасы  және  «Медиа Жұлдыз»  ҚҚ  ұйымдастыруымен «Сыр – Алаштың анасы» тақырыбында  фотобайқау өтті. 
Облыс орталығы және аудандардан 14 адам байқауға үміткер етінде қатысты. Фотобайқауға қатыстырылған суреттерді талдап, арнайы баға бере отырып жеңімпаздарды Болат Омарәлиев, Нұрболат Нұржаубай, Фархад Абжаппаров анықтады. Фотобайқауға Қызылорда өңірінің тарихи орындарын, заманауи нысандарын, қаланың архитектуралық келбетін, сәулетін яғни, кешегісі мен бүгінін бейнелейтін суреттер келіп түсті. 
Қазылар алқасы өзара ақылдаса келе, 1 орынға Фархад Ділманды, 2-орынға  Ербол Әлиасқарұлын, 3-орынға Ердос Беркінбаевты лайық деп тапты. Ал Айдынбек Скендировты ынталандыру сыйлығымен марапаттауды ұсынды. 
Фархад Ділманның оқушы болса да кәсіпқой мамандар секілді бейнені дәл алғандығына қарап алдыңғы орын беру керектігін атады. Яғни, «Балалардың қуанышы» суретіндегі балалар жасанды, әдейі күлмегендігін бірден байқауға болады. Мектеп оқушысы Фархад Ділманның байқауға қатыстырған суреттерін қарай отырып қатарынан бірнеше суреттің сапалы әрі нысананы дәл көздеп, жан-жағындағы обьектілермен байланысын ескере отырып түсіргенін байқадық. Таңдаулы суреттерін атап айтсам, «Балалардың қуанышы», «Ай және жарым түн», «Мешіт», «Қозғалыс», «Көпір», «Ай сәулесі» атты фотолар ерекше түсірілген» деп алдыңғы қатардағы суреттерге өз бағасын берді. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: