Қазіргі таңда аталмыш сала бойынша 4 мемлекеттік мекеме, «Шапағат» мүгедек балаларды сауықтандыру орталығы, Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласы әкімдігі жанындағы әлеуметтік бөлімшелер жұмыс атқаруда.
Олар түрлі санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмектер, балалар жәрдемақысын және тұрғын үй көмегін тағайындау, әлеуметтік қолдау, мүгедектерді жеке оңалту жұмыстарын және мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде арнаулы қызмет көрсетіп келеді.
Сүрінгенді сүйеп, жығылғанды демеп, адам баласына тек жақсылық жасап жүрген қайырымды жандарды аудан әкімі аппаратының басшысы А.Қаржаубаев марапаттап, сый-құрмет көрсетті.
Сонымен қатар, шара барысында сала ардагерлері де ерекше құрметке ие болды.