Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Арнайы роталық тактикалық дайындық пысықталды

Ағымдағы жылдың тамыз айында Қызылорда гарнизонындағы әскери бөлімде екі аптаға созылған арнайы роталық тактикалық оқу-жаттығу жиыны өтті.
2020 жылғы жауынгерлік жоспарға сәйкес оқу-жаттығуға бөлімнің барлық роталары қатысты.
Бірінші күннен бастап барлық роталарөз белсенділіктерін көрсете бастады. Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – роталардың жеке құрамының үйлесімділігін, жауынгерлік дайындық дәрежесін тексеру,дыбыл бойынша көтеру және де рота жауынгерлерінің функционалдық міндеттерін бағалау болып табылады.
Аталған оқу-жаттығу жоспарға сәйкес үш кезең бойынша өткізілді. 
Бірінші кезеңде роталар дабыл бойынша көтерілді. Кейін марш жасап, радиациялық-химиялық және биологиялық қорғау, әскери топография, инженерлік дайындығы, байланыс, әскери медициналық және әуе-десанттық дайындығы бойынша тиісті нормативтер тексерілді.
Екінші кезеңде негізгі жаттығулар далада өткізілді. Берілген басты тапсырма белгісіз аймақтағы жасырын объектілерді тауып, координаттар бойынша жұмыс жасау болды. 
Үшінші кезеңде роталар өздерін атыс дайындықтары бойынша сынады. Күндізгі атыс дайындығында төрт жаттығулар бойынша бағаланған болса, ал түнде екі жаттығу орындады. 
«Арнайы роталык тактикалық  жаттығу кезінде үздік топтар анықталды. Арнайы мақсаттағы амфибиялық барлау ротасы, үш кезеңде де өте жақсы нәтиже көрсетіп, барлық жаттығуларды жоғары дәрежеде орындаған», - дейді әскери бөлім командирінің жауынгерлік дайындық жөніндегі орынбасары, подполковник Нұрлан Шегебаев.
Оқу-жаттығу кезінде роталар қауіпсіздік шараларын қатаң сақтай отырып, тактикалық іс-қимылдардың дұрыстығына, ұрыста қаруды шебер әрі тиімді пайдалануға айрықша назар аударды.
Атап айтсақ, арнайы роталық тактикалық оқу-жаттығуы жеке құрамның теориялық білімдерінің нығайуына, жаңа қосылған жауынгерлердің тәжірибе алмасуына және жалпы роталардың қызметтік міндеттерін сапалы орындауына оң ықпал етеді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: