Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Арал туризм орталығына айналмақ

Арал туризм орталығына айналмақАрал ауданында Арал теңізі және Қамбаш көлінің орналасуы аудан көлемінде туризм саласының дамуына зор мүмкіндік береді. Осыған орай «Қамыстыбас» демалыс аймағында құру жұмыстары жасалуда. 
Қазіргі таңда аудан әкімі Абзал Сансызбайұлының қаулысымен демалыс аймағына берілген жер теліміне СТК басшылығы бас жоспарына сәйкес орналасатын құрылыс жобаларына Арал, Қазалы ауданының 30 кәсіпкерлерімен келісім-шартқа отырған. Бүгінде кәсіпкерлер демалыс аймағына 70-ге жуық нысанның құрылысын жүргізіп, 30,0 млн. теңгеден аса инвестиция құйып отыр. Көл жағалауында катер, үрлемелі қайық, катамаран, гидроцикл сынды жүзу құрылғылары тынығушыларға қызмет көрсетеді. Биыл жазғы демалыс маусымында «Қамыстыбас» демалыс аймағында 70 мыңнан астам демалушылар келіп тынықты.
Сонымен бірге Арал ауданына келуші шетелдік туристерді ғасыр құрылысы болып есептелетін «Көк Арал» бөгеті, Арал теңізіндегі қайырлар қалған кемелерге қызығушылық танытуда. Жылда аталған нысандарға көптеген шетелдік туристер келіп екі теңізді бөліп тұрған алып бөгеттен және қайырлап қалған кемелерден үлкен әсер алып кетеді. 
Туристердің тағы бір қызығушылық танытып отырған аймағы Ақеспе және Ақбасты елді мекендерінің тұсында орналасқан емдік қасиеті бар жер асты ыстық суы. Дертіне шипа іздеген адамдар осында көптеп келіп, ыстық судан ем қабылдауда. 
Алдағы уақытта Арал ауданында туризм саласын дамытуға басымдық берілмек. Осы мақсатта аудан әкімі Абзал Сансызбайұлы жұмысшы топ құрылып, дүние жүзі бойынша түристік саласы алдыңғы қатардағы Түркия еліне іс-сапармен барып, тәжірбие жинап қайтты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: