Қазалы ауданында көппәтерлі тұрғын үйлердің саны 105 болса, оның 56-ы күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етеді.
Өткен жылы «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасының» 2-тетігі бойынша Жанқожа батыр көшесіндегі №1 бесқабатты тұрғын үйге (пәтер саны – 57) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын.
Ал биылғы жылы Қ.Пірімов көшесіндегі №5, 7 екіқабатты тұрғын үйлері жөндеуден өтті. Жұмыстар «Қазалы тынысы» ЖШС арқылы жүргізілді.
Аталған бағдарлама шеңберінде 2016 жылға Счастнов көшесі №1, 3, 11, 25А және Желтоқсан көшесі №12, 14, 42, 46, 54Б, 56А, Жанқожа батыр көшесі №143, 145 екіқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда.