Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

«Қамқорлыққа – іспен қайтарым» атты дөңгелек үстел өткізілді

«Қамқорлыққа – іспен қайтарым» атты дөңгелек үстел өткізілдіБүгін Шиелі ауданында «Үміт» мүгедектер қоғамдық қоры «Қамқорлыққа – іспен қайтарым» атты дөңгелек үстел өткізді. Игі шара аясында аталмыш қоғамдық қордың жыл басынан бері атқарылған жұмыстары баяндалып, алда атқаратын жұмыстары сөз етілді.
Шиелі ауданында әлеуметтік маңызы бар салалардың қызметін жүзеге асыратын 18 үкіметтік емес ұйымдары тіркелген. 
Биылғы жылы аудан көлемінде бірқатар әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру, үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын үйлестіру мақсатында аудандық бюджеттен 14 млн. теңге қаржы бөлініп, ауыз толтырарлықтай жұмыстар атқарылуда. Бүгінде мүмкіндігі шектеулі адамдардың қоғамнан тыс қалмауына мемлекет тарапынан жіті көңіл бөлінуде. Аталмыш 10 әлеуметтік жобалардың бірі аудан көлемінде мүмкіндігі шектеулі азаматтармен жұмыс жасау жобасы болып табылады. Бұл бағытққа аудан бюджетінен 1 млн 440 мың теңге қаржы бөлініп, аталған қаржыға «Үміт» мүгедектер қоғамдық қоры мүмкіндігі шектеулі азаматтармен жұмыс жасау, оларға көмек көрсету, жәрдем беру сияқты жұмыстарды атқаруда. 
Бүгін «Үміт» мүгедектер қоғамдық қоры «Қамқорлыққа-іспен қайтарым» атты дөңгелек үстел өткізді. Игі шара аясында аталмыш қоғамдық қордың жыл басынан бері атқарылған жұмыстары баяндалып, алда атқаратын жұмыстары сөз етілді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: