Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

"Қайсар" футболшыларының 2015 жылғы Премьер-лигадағы статистикасы

"Қайсар" футболшыларының 2015 жылғы Премьер-лигадағы статистикасыБиыл «Қайсар» құрамында Қазақстан Премьер-лигасында 29 футболшы алаңға шықты. Тағы екі футболшы ел чемпионатына негізгі команда сапында тіркелгенімен бірде-бір ойында алаңға шыққан жоқ. Назарларыңызға «Қайсар» футболшыларының маусым қорытындысы бойынша статистикасын ұсынамыз.
Иә, чемпионат «Қайсар» үшін сәтсіз басталды. 15 турдан кейін команда 3 жеңіс, 6 тең ойын және 6 ұтылыспен турнир кестесінің 11-сатысына орнықты. Жағдайды өзгертуге тырысқан клуб басшылығы жазғы трансферлік кезеңде жеті ойыншымен келісімшартты үзіп, олардың орнына 5 ойыншыны шақыртты. Жазғы трансферлік кезеңде командадан 1 қорғаушы, 4 жартылай қорғаушы және 2 шабуылшы кеткен болса, олардың орнына 1 қорғаушы, 3 жартылай қорғаушы 1 шабуылшы келді.
Дегенмен 22-турдан кейін команда 3 жеңіс, 8 тең ойын және 11 жеңіліспен 12 команданың ішінде 12-орынға тұрақтап, тамыз айының басында облыс басшылығымен ақылдасқан облыстық спорт басшылығы клубтың басшылық құрамы мен бапкерлер алқасын қызметтерінен босатты.
Қызметтерінен босаған басшылық құрам мен бапкерлер алқасының орнынан жаңа мамандар келіп, клуб директоры болған Руслан Балтиевтің орнын Нұржан Жалғасбаев, бас бапкер Дмитрий Огайдың орнына ресейлік жаттықтырушы Федор Щербаченко келді.
Жаңа басшылық құрамның алдына команданы Премьер-лигада сақтап қалу міндеті қойылған. Федор Щербаченконың бастауымен команда 10 ойын өткізді. Соның біреуінде «Қайсар» жеңіске жетсе, 4 ойында тең түсіп, бес матчта ұтылып қалды да, 16 ұпаймен Премьер-лиганы 12 орында қорытындылады.
«Қайсардың» 2015 жылғы Премьер-лигадағы жеңістері:
4-тур, 21.03.2015 ж.
Шахтер (Қарағанды) – Қайсар (Қызылорда) 1:2
9-тур, 25.04.2015 ж.
Қайсар (Қызылорда) – Астана 2:1
16-тур, 20.06.2015 ж.
Қайсар (Қызылорда) – Шахтер (Қарағанды) 2:0
27-тур, 27.09.2015 ж.
Қайсар (Қызылорда) – Жетісу (Талдықорған) 3:1.

"Қайсар" футболшыларының 2015 жылғы Премьер-лигадағы статистикасы

 


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: