Бүгін аудандық мәслихаттың хатшысы Көлбай Данабай 2015 жылы аудан көлемінде атқарған жұмыстары жөнінде халыққа есеп берді.
Мәслихат қызметінің негізгі жұмысы сессия болып табылғандықтан заңдар негізінде өз құзіретіне жатқызылған мәселелерді осы сессияларында қарап, талқылап тиісті шешімдер шығарып келеді. Арал аудандық мәслихатында 2015 жылдың басынан бастап осы есепті кезеңге дейін 3 кезекті, 4 кезектен тыс сессия өткізілді. Онда 36 мәселе қаралды. Олардың 11-і мемлекеттік тіркеуден өтіп, ақпарат құралдарында ресми жарияланды. Соның ішінде аудандық бюджетке 4 рет ресми өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Ал кезекті сессияларда аудандық мәслихаттың шешімімен бекітілген жоспарға сәйкес сала басшыларының атқарылған жұмыстары тыңдалды.
Аудандық мәслихат депутаттары мүмкіндігі бар жерде өз сайлаушыларымыздың кез келген орынды өтініштері мен ұсыныстарын қолдап, олардың шешілуіне қолдарынан келгенінше көмектесіп көрсетуде. Алдағы уақытта да жергілікті атқарушы билікпен бірлесіп аудан жұртшылығына қызмет жасап, қолымыздан келгенше шешімін күтіп отырған мәселелерді орындау жолында қызмет жасамақ. Мәслихат хатшысы Көлбай Данабайдың есебін тыңдаған аудан халқы көкейтесті сұрақтарын жолдап, ұсыныс - пікірлерін білдірді.