Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАЗАЛЫДА МЕКТЕПТЕГІ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚАЗАЛЫДА МЕКТЕПТЕГІ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫАудан көлемінде кәмелетке толмаған оқушылардың қолымен жасалатын қылмысты болдырмау мен алдын алу мәселесі бүгін кеңейтілген мәжілісте қаралды.
Аудан әкімі Нажмадин Шамұратов жүргізіп отырған мәжілісте ішкі істер бөлімінде есепте тұрған оқушылар мен білім ошақтарындағы жай-күй талқыланды. Сонымен қатар, тәрбие ісіне жауапты қызметкерлердің жауапкершілігін арттыру, өткен жылы орын алған қылмыстар, онымен күрес жолында атқарылған іс-шаралар мәселелері қозғалды.
«Халықта «Не ексең, соны орасың» деген нақыл сөз бар. Жас ұрпақтың болашағы оның ата-анасы мен ұстаздарынан алған тәрбиесінің сапасына, мектеп инспекторларының қадағалауына тікелей байланысты» - деген аудан басшысы бұл жұмысты біріге отырып атқарғанда ғана нәтижелі жұмыстарға қол жететіндігін ескертті.
Мектеп полиция инспекторларының жұмысы және кәмелетке толмағандар арасында топтасып төбелесудің алдын алу туралы Қазалы аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары О.Ниязымбетов хабарлама жасады. Мәжілістің қорытындысымен жауапты орындаушыларға тиісті тапсырмалар берілді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: