Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА БІЛІМ БӨЛІМІ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА БІЛІМ БӨЛІМІ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫҚазалы ауданы әкімінің 2015 жылғы 18 қарашадағы №399 санды өкімімен «Қазалы ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін уақытша атқарушы лауазымына Қасымова Ақзира Бақтыбайқызы тағайындалды.
Ақзира Қасымова 1979 жылы Қармақшы ауданы, Жаңақала ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2000 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің физика, қосымша математика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. Жоғарғы санатты физика пәнінің мұғалімі.
Еңбек жолын 2000 жылы Қызылорда қаласының облыстық гимназиясының физика пәнінің мұғалімі болып бастаған. 2008 жылы Қармақшы ауданы №185 орта мектеп директоры, 2012 жылдан осы уақытқа дейін Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейдің директоры қызметін атқарған.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: