Аудандық мәдениет орталғында мәдениет саласы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ұмытылып бара жатқан жырауларымыздың бірі Шамыран Алданұлының есімін қайта жаңғырту мақсатында еске алу кеші өтті.
Кеш барысында Шамыран жыраудың қызы Сұлушаш Шамыранқызы «Жыр бұлақ көзін ашқанда» атты өлеңдер мен жыр дастандарының жинақ кітабын көпшілікке ұсынды. Нұртуған жырауды өзіне пір еткен Шамыран Алданұлы 41 жыл өмір сүріп, осы өмір жолында артына «Орақ- Мамай», «Едіге», «Қарасай - Қази», «Үш мергеннің мекені», «Дариха» сынды дастандары мен жыр толғаулары мол рухани мұра етіп қалдырған. Кеште Шамыран жыраудың толғаулары орындалып, жас ұрпаққа кеңінен насихатталды.