Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАРМАҚШЫДАҒЫ БІРНЕШЕ КӨЛ СУМЕН ТОЛТЫРЫЛАДЫ

ҚАРМАҚШЫДАҒЫ БІРНЕШЕ КӨЛ СУМЕН ТОЛТЫРЫЛАДЫҚармақшының Қуандария өзегіндегі Қарақ учаскесінде су реттегіш тоспасын салу, Қаракөл, Таскөл көлдерін сумен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
Аудан әкімі Сұлтан Мақашовтың айтуынша, осыдан кейін Қуаңдария арнасындағы су қажеттілігіне қарай реттеліп, көлдер сумен толтырылады. Балық шаруашылығын өркендетуге алғышарттар жасалып, экологиялық қолайлы жағдай қалыптасады. Халықтың балыққа сұранысы қанағаттандырылып, қосымша жұмыс орындары ашылады.
- Қарақ, Ащыбұлақ өңірлерінде 4,5 гектар табиғи шабындықтар пайда болады. Бұл Көмекбаев, Қуаңдария елді мекендері тұрғындарының, сол аумақтағы қожалықтардың шөпке қажеттігін толық өтейді. Шабындықтарға су жіберіліп, жем-шөппен толық қамтамасыз етілген жағдайда мал басын 4-5 есе өсіруге септігін тигізеді, - дейді аудан басшысы.
Ал Сарыөзек көлінде облыстық бюджеттен бөлінген 18 млн. теңгеге гидротехникалық тоспа салынды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: