АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында қызылордалық спортшы Александр Зайчиков алтыннан алқа тақты.
Жерлесіміз қоссайыстың қорытындысында 421 келіні төбесіне көтерді. Жарыста 105 келі салмақта сынға түскен 23-жасар ауыр атлет өз салмағында жаңа чемпионды көпке таныстырды. Аталмыш салмақта 411 келіні еншісіне жазған 26 жастағы ресейлік Давид Беджанян мен 405 келі салмақпен латыш Артур Плесникс үздік үштіктен көрінді. Айта кетелік, бұл салмақта қос дүркін әлем чемпионы, жерлесіміз Илья Ильин де сынға түсетіні белгілі. Дегенмен, ол бұл дүбірлі додаға қатысқан жоқ.