Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ШИЕЛІДЕ БАЛАЛАР ОЙЫН-САУЫҚ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

ШИЕЛІДЕ БАЛАЛАР ОЙЫН-САУЫҚ КЕШЕНІ АШЫЛДЫШиелі ауданында Тұңғыш Президент күніне орай, бірқатар кәсіпкерлік нысандары нысандары ашылды. 
Соның бірі ауданымыздың кәсіпкерлік саласында өз үлесін қосып келе жатқан жеке кәсіпкер Ақай Қойшыбекованың балалар ойын-сауық кешені. Жобалық құны 60 млн. теңгені құрайтын ойын сауық кешенінде балаларға арналған аттракциондар, асхана және 2 қабатында 15 сауда бутиктері орналастырылып, 11 адам жұмыспен қамтылуда. Кешен аудан тұрғындарына үлгілі қызмет көрсетіп, бүлдіршіндеріміздің көңіл-күйін көтеретін бірден-бір орынға айналатыны сөзсіз.
Ауданда тағы бір кәсіпкерлік нысан іске қосылды. Жобалық құны 45 млн. теңгені құрайтын «Электроника» сауда орталығы ашылып 6 адамды тұрақты жұмыспен қамтуда. Ашылу рәсіміне аудан әкімі Қайратбек Әубәкірұлы қатысып, жиылған қауымді бүгінгі мерекелерімен құтықттады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: