Сотталушы С.Е. ағасы Е.С мен оның танысы М.А. екеуі үйдің ауласында орналасқан сарайдың ішінде арақ ішіп отырған көреді. Өзі де олармен ортақтасып, ішімдік ішуге ниет жасайды. Оларға барып өзіне де арақ құюын сұрайды.
Азамат М.А. оған бір стакан арақ құйып береді. Осы кезде ағасы Е.С. «менің көзімше арақ ішкің келіп отыр ма?» деп інісінің қолындағы арақ құйылған стаканды қағып жібереді. Балағаттап, басынан оң қолымен ұрып жібереді. Оған жақындап келген кезінде сотталушы С.Е. адам өміріне қауіпті, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру мақсатында, сол жерде үстел үстінде тұрған сабы қара түсті асхана пышағын алады. Содан кейін ағасы Е.С-ның іш тұсына қолындағы пышақпен бір рет ұрып, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірген.
Сот-дәрігерлік сараптамасының қорытындысымен жәбірленуші Е.С. іш қуысына енген дене жарақатын алғандығы, дене жарақаты өміріне қауіпті, денсаулығына ауыр зиян келтірген дене жарақатына жататындығы анықталған.
Сотталушы кінәсін толық мойындап, одан кешірім сұрады. Ағасымен бірге тұратынын, бұрын-соңды ұрыс-керіс болмағандығын алға тарты. Жәбірленуші де інісіне кешірім берді. Жазасын жеңілдетуді сұрады.
Сот үкімімен сотталушы С.Е.-ны Қазақстан Республикасы ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 (үш) жылға бас бостандығын шектеуге жазасы тағайындалып, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 44 бабының 1-бөлігі тәртібі бойынша 3 (үш) жыл мерзімге пробациялық бақылау белгіленді.