Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ЖЕКЕ КҮЗЕТ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ КӨМЕГІМЕН 21 ҚЫЛМЫС АШЫЛДЫ

ЖЕКЕ КҮЗЕТ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ КӨМЕГІМЕН 21 ҚЫЛМЫС АШЫЛДЫҚылмыс пен құқық бұзушылыққа қарсы күресу, оның алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында жеке күзет ұйымдарымен тиісті жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде жыл басынан бері 21 қылмыс ашылып, күзетілетін объектідегі қылмыстың алдын алудың 10 дерегі тіркелді. 
Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2015 жылғы 14 қазанда сағат 22.20 шамасында «Руслан-Казақстан» күзет үйымының орталықтандырылған-бақылау торабына қала орталығында орналасқан дүкендердің бірінен дабыл белгісі келіп түседі. Аталған белгі бойынша оқиға орнына күзет ұйымының жедел әрекет ету тобы жіберіліп, дүкеншіге суық қаруымен дене жарақатын салып үлгерген еуропалық тектес азаматты құрықтайды. Полиция қызметіне хабарланады.   60 жастағы сезіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы, 3-бөлігі, яғни Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.  
Бүгін, яғни 24 желтоқсанда Қызылорда ОІІД Күзет қызметін бақылау бөлімі қызметкерлерінің ұйысдастыруымен жиын бөліп өтті. Аталмыш шараға департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі Ә.Шаймағамбетов, жеке күзет ұйымдарының басшылары мен күзетшілері, Күзет қызметін бақылау бөлімінің қызметкерлері қатысты. Шарада қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, қылмыстылықпен күресуде оң нәтиже көрсеткен күзетшілер марапатталып,  міндеттеріне адалдық танытқаны үшін алғыс айтылды. Сонымен қатар, шарада бүгінгі таңда күзет қызметін бақылау саласындағы өзекті мәселелер көтеріліп, көпшіліктің талқысына ұсынылды. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: