Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙҒА ҚАРСЫ ӘЗІРЛІК ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙҒА ҚАРСЫ ӘЗІРЛІК ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫАймақ басшысы Қырымбек Көшербаевтың тапсырмасына сәйкес аудандардың төтенше жағдайларға қарсы жедел құтқарушы жасақтарының әзірлігін пысықталып отыр.
Осы мақсатта облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы Асылбек Мұстафаев пен мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімінің бас инспекторы Руслан Ибрагимов Арал ауданында болды. Олар төтенше жағдайлар бөлімінің жедел әрекет ету жасағының дайындық жұмыстарымен танысты. Жұмылдыру жұмыстарына 58-ге жуық техника, қажетті құрал-жабдықтарымен тиісті сала қызметкерлері толықтай қатысты. Арал ауданында төтенше жағдайлардың алдын алу және болдырмау мақсатында атқарылуға тиісті жұмыстардың жоғары деңгейде екендігіне көз жеткізген басшылар дайындық жұмыстарына оң бағасын берді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: