«Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалында «Бүгін.kz-орда» интеллектуалды клубының ашылу рәсімі өтті.
Оған қоғам қайраткерлері, жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Клуб жетекшісі Нұрлыбек Мыңжасовтың айтуынша, бұл жұмыс жастардың әлеуметтік әділеттілік жөніндегі мәселелерін шешуге атсалысу, зиялы адамдардың қоғамдағы ролін күшейту, жастармен жұмыс сапасын жақсарту ұсыныстарын әзірлеу мақсатында құрылды.
Клубты құру психологтар мен мұғалімдердің белсенді қызметіне, жастардың өзін-өзі дамытуына мүмкіндік береді.