Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР 2 МАЛ ҰРЛЫҒЫ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ БЕТІН АШТЫ

Сырдария ауданы ішкі істер бөлімі Жергілікті полиция қызметкерлерінің ұйымдасқан жедел іздестіру шараларының нәтижесінде 1 тәулік ішінде орын алған мал ұрлығы қылмыстарының беті «ізі суымай» ашылып, әккі ұрылар қолға түсті.    
Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша,  2016 жылғы 26 қаңтар күні сағат 04.00 шамасында Сырдария ауданы, Ақжарма ауылында 48 жасар ауыл тұрғынының мал қорасынан бір бас қойын ұрлап бара жатқан жерінен 19 жасар және 26 жасар екі азамат ұсталды. Оларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы, 2-бөлігі, 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктілер АІІб-нің Уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. 
Дәл осындай дерек 26 қаңтар күні сағат 18.00 шамасында Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінде де орын алған. Осы ауданның 41 жасар тұрғынынан А.Тоқмағамбетов ауылына қарасты 8-разъезд бекетінің аумағындағы өрістен қара төбелі мен құнажанын ұрлап кеткендігі жайлы арыз келіп түседі. Арыз негізінде іздестіру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде  қылмысқа күдікті ретінде арызданушының 37 жасар туысқаны ұсталды. Тергеу жұмыстары барысында күдікті азаматтың малдарды 43 жастағы ауыл тұрғынына сатып жібергені анықталды. 
Қазіргі таңда, аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы, 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: