Бүгін Арал ауданының әкімі Абзал Мұхимов жылдық есебін қорытындылады. Қорытынды есепке облыс әкімінің орынбасары Рауан Кенжеханұлы және бірқатар облыстық басқарма басшылары қатысты.
2015 жылы Арал ауданының әдеуметтік-экономикалық дамуын баян еткен аудан әкімі келер жылдың жоспарымен таныстырып өтті.
Ауданда іске асырып жатқан ірі көлемдегі жобалар «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік көлік дәлізінің құрылысы, «Жезғазған-Сексеуіл» шойын жол құрылысы, «Бозой - Шымкент» газ құбырын тарту жұмыстары, Арал қаласын газдандыру жұмыстары ауданымызда қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастырды. Өткен жылы ауданда 5 мектеп, 2 ауылдық клуб пен 1 денсаулық сақтау саласының нысандары салынды.
Бүгінгі күні газдандыру жұмыстары толығымен аяқталып, жеке тұрғын үйлерге газ тарту жұмыстары жүргізілуде. Ал, ауыз су бағасы 10 теңгеге арзандады.
Жиын соңында тұрғындары тарапынан аудан әкімі Абзал Мұхимовқа сауалдар жолданып, тұщымды жауаптар алынды. Аралдықтар аудан әкімінің жұмысына жоғары баға берді.