Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АҢШЫЛАР 18 АҚБӨКЕНДІ ЖАЙРАТЫП ТАСТАДЫ

АҢШЫЛАР 18 АҚБӨКЕНДІ ЖАЙРАТЫП ТАСТАДЫ2016 жылғы 30-31 қаңтар аралығында Қызылорда ОІІД Жергілікті полиция қызметі Табиғатты қорғау полиция қызметкерлері мен «Охотзоопром» ӨБ РМҚК мамандарының бірлесіп жүргізген рейдтік шолу жұмыстары барысында заңсыз аң аулағандар құрықталды. Бұл жайында облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі хабарлады. 
Рейд экологиялық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды ескерту, анықтау және кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту мақсатында ұйымдастырылды.  
Атап айтқанда, 31 қаңтарда сағат 16:30 шамасында Жалағаш ауданы, Қаракеткен ауылына қарасты «Бөгедек» учаскесінде «Тойота Ланд Крузер-100» маркалы автокөлігі тоқтатылды. Автокөлікке қарау жүргізу барысында, көліктің салонынан 2 дана 12 калибрлі аңшы мылтығы және 172 дана мылтықтың патрондары анықталып, заттай дәлелдеме ретінде алынды. Оқиға орнына тексеру жүргізу кезінде, сексеуіл бұталарының арасына жасырылған аяқтары кесілген 18 дана ақбөкен аңына ұқсас өлі жануардың денесі алынды. Оқиға орнынан 20, 28 және 29 жастағы 3 азамат ұсталды.
Қазіргі таңда, аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 337-бабы, 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Егер де сезікті азаматтардың кінәлары толық дәлелденген жағдайда, оларға қатысты заңсыз аңшылық дерегі бойынша белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру шарасы қолданылады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: