Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА 20 ИНДУСТРИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

ҚЫЗЫЛОРДАДА 20 ИНДУСТРИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

 

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы аясында 2015-2019 жылдары қаламызда индустрияландыру картасына енгізілген 63 млрд теңгені құрайтын 20 жоба жүзеге асырылуда. Бұл жөнінде Қызылорда қаласының әкімі Н. Нәлібаев қала тұрғындары алдындағы есепті кездесуінде хабарлады.
Осы жобалар іске қосылғанда 1 мың 781 адам жұмыспен қамтылатын болады. Жыл басынан бері өңірлік карта аясында 2 млрд. 519 млн. теңгені құрайтын 5 жоба іске қосылды. Жаңадан 134 жұмыс орны ашылды. 2015 жылы құрама жем, керамикалық кірпіш шығаратын зауыттар, Сэндвич панель өндіретін цех және автомобильді газбен толтыру бекеті іске қосылды. 
Елбасының қатысуымен тікелей телекөпір арқылы үй құрылыс комбинаты пайдалануға берілді. 2015 жылдың ауқымды жобаларының бірі - құны 36 млрд. 700 млн. теңгені құрайтын табақша шыны шығару және өңдеу зауытының құрылысы басталды. Зауыт жылына 197 мың тоннадан астам табақша шынысын шығаратын болады. Бұл жобаның аясында 310 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Осындай ірі жобалардың іске қосылу нәтижесінде және «Жұмыспен қамту-2020 Жол картасы» бағдарламасы арқылы 2015 жылы барлығы 4 мың 906 жаңа жұмыс орындары ашылды.

ҚЫЗЫЛОРДАДА 20 ИНДУСТРИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

 

ҚЫЗЫЛОРДАДА 20 ИНДУСТРИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

 

ҚЫЗЫЛОРДАДА 20 ИНДУСТРИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

 

ҚЫЗЫЛОРДАДА 20 ИНДУСТРИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

 


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: