Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АРАЛДЫҚ ЖАЙДАРМАНШЫЛАР САЙЫСҚА ТҮСТІ

АРАЛДЫҚ ЖАЙДАРМАНШЫЛАР САЙЫСҚА ТҮСТІ Арал ауданында жайдарман сайыстарын өткізу жақсы жолға қойылған. Бұл аудан жастарының өнердің осы бір түріне деген қызығушылығын аттырып, бос уақытын тиімді пайдалануға үлкен мүмкіндік беріп отыр. 
Бұған дейін аудандағы мектеп оқушылары арасында бірнеше мәрте жайдарман ойындары өткізілген болса, «Дарын», «Есте қалсақ», «ЖасNEW» командалары республикалық, облыстық жайдарман сайыстарында үздік деп танылып финалдық додаларға жолдама алған болатын. Бүгін сол жеңісті жолды жалғаған №262 - мектеп гимназиясының «ЖасNEW» жайдарман тобы Облыстық супер лига жайдарман сайыстарының финалдық бәсекесіне бірінші орынмен жолдама алды. Айта кетейік, жартылай финал ойындарына жоғары оқу орындарынан 11 команда қатысқан болса, соның ішінде жалғыз мектеп командасы «ЖасNEW» тобы болды. Бұл туралы жастарды жайдарман сайыстарына дайындаған, «Арал-АС» шығармашылық үйінің директоры Төребек Дәрмағамбетов хабарлады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: