Қазақ әуелден-ақ жетімі мен жалғызын жылатпаған дана халық. Бүгінде тағдыры талай бұрмаланып, зейнет жасына келгенде жалғызбасты атанған қарттарымыз ортамызда бар екені анық.
Жалғызбасты қарттарға мемлекет тарапынан әлеуметтік көмектер түзу жолға қойылып, күтімдер жасалуда. Бұл игі жолда жер жерлерде демеушілердің көмегімен қайырымдылық шаралары да толастамай өткізілуде. Осы бағытта Шиелі ауданында аудан жастарының ұйытқы болуымен бірқатар жалғызбасты қарттарға қайырымдылық көмектері көрсетілді.