Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АРАЛДА КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

АРАЛДА КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІБүгін аудан әкімінің орынбасары Рүстем Өтешовтің төрағалығымен Арал ауданы әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультациялық-кеңесші органның кезекті комиссия отырысы өтті. 
Күн тәртібінде «Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету туралы» қағида талаптарына сәйкес, қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларға сотталып, пробациялық бақылау белгіленгендерге жергілікті атқарушы органдармен бірге әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету арқылы оларды қоғамға бейімдеу жұмыстар туралы мәселе қаралды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: