Бүгін 9 мамыр Ұлы Жеңістің 71 жылдық мерекесіне орай Жалағаш ауданында мерекелік салтанатты шара ұйымдастырылды.
Алдымен аудан әкімі Т.Дүйсебаев бастаған басшылық құрам мен бір топ еңбек және тыл ардагерлері орталық алаңда орналасқан Ұлы Отан соғысынан оралмаған боздақтар ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, боздақтарға құран бағыштады.
Шарада аудан әкімі Т.Дүйсебаев тұрғындарды Ұлы Жеңістің 71 жылдығымен құттықтады. Мерекеге жиылған көпшілікке аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары Жеңіс күніне арналған концерттік бағдарламасын ұсынды.