Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

СЫР БОЙЫЛЫҚ ТҮЛЕКТЕР ҰБТ-ҒА ДАЙЫНДЫҚТАРЫН КҮШЕЙТТІ

СЫР БОЙЫЛЫҚ ТҮЛЕКТЕР ҰБТ-ҒА ДАЙЫНДЫҚТАРЫН КҮШЕЙТТІҚызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Жалағаш, Сырдария аудандарында жұмыс сапармен болып, мектеп бітірушілердің Ұлттық біріңғай тестке дайындық барысымен танысты. 
Жалағаш ауданы бойынша 388 бітірушінің 243-і ҰБТ-ға қатысады. Жалағаштық түлектер тест тапсыру үшін облыс орталығына келмей-ақ, өткен жылы ауданда құрылған тестілеу орталығында сынақтан өтетін болады. Қазірдің өзінде сынама тест тапсырып, қосымша дайындық жұмыстары күшейтілген. Нәтижесінде орташа балл 80,2 құрап отыр. Аймақ басшысымен кездесуге келгендердің басым бөлігі үздік оқушылар. Жалпы аудан бойынша «Алтын белгіге» үміткерлердің саны 16, ал «Үздік аттестатқа» 3 бітіруші. Сабақтың тиімділігін арттыруда жалағаштық ұстаздар түрлі көрнекілік құралдар әзірлеген. Келген қонақтар үшін арнайы көрме ұйымдастырып, дайындалған бұйымдарымен таныстырды. 
Айта кету керек, жалағаштық 8 жеткіншек қазір Ресей Федерациясының гранты бойынша білім алуда. Биыл да 100-ден астам мектеп бітіруші сынақ тапсырып, нәтижесін күтіп отыр. 
- Түлектердің Ұлттық біріңғай тестілеуге дайындалуларына барлық жағдай жасалуы тиіс. Ал оның нәтижесі міндетті түрде сұралатын болады. Себебі балалардың болашағы барлығынан маңызды. Сондықтан қазір аудандарды аралап, ҰБТ-ға дайындық жұмыстарымен танысып жүрміз. Қандай да қиындық болса, мәселені шешуге біз қолдау көрсетуге дайынбыз. Ал бітірушілерге айтарым, өздеріңізге сенімді болып, жақсы дайындықпен барсаңыздар тесттің еш қиындығы жоқ, - деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев. 
Дәл осындай кездесу Сырдария ауданында да өтті. Ауданда биыл мектеп бітірушілердің 66,7 пайызы ҰБТ-ға қатысады деп күтілуде. Қыркүйек айынан бері 27 рет сынама тест алынып, орташа балл 85-ті құрап отыр. 
Облыс әкімі кездесуге келген түлектердің сауалдарына жауап беріп, мамандық таңдауда жаңылмай, сынақтан сүрінбей өтулеріне тілектес екенін жеткізді. 
Сырдария ауданына сапары барысында аймақ басшысы ҰОС ардагерлерімен кездесіп, мерекемен құттықтады. Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған естелік төсбелгісін табыстап, сый-сияпатын көрсетті.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: