Жалағаш ауданындағы білім беру ұйымдары оқушылары арасында «Сап және ән» байқауы болып өтті. Оны Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов ашып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Бұл шара 7-мамыр Отан қорғаушылар, 9 Мамыр – Ұлы Жеңістің 71 жылдық мерекелеріне арналды. Байқаудың мақсаты – мектеп оқушыларының бойында жоғарғы патриоттық сананы, өз Отанына деген адалдық, азаматтық борышы мен конститутциялық міндеттерін орындауға дайындық сезімдерін қалыптастыру болып табылады.
Байқау қорытындысымен № 31 орта мектеп оқушылары І, № 116 орта мектеп оқушылары ІІ, № 117, № 122 орта мектеп оқушылары ІІІ орынды иеленді.