Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қазалыда жолақы 50 теңгеден 40 теңгеге түсті

Қазалыда жолақы 50 теңгеден 40 теңгеге түстіҚазіргі таңда аудан көлемінде кентішілік және ауданішілік жолаушылар тасымалында жеке кәсіпкер С.Айтжанов және «Қазалы такси» жауапкершіліктері шектеулі серіктестігі қызмет көрсетуде. 
Елімізде 2015 жылдың 2-ақпанынан бастап мұнай өнімдерінің бағалары (жанар май, дизель отыны) төмендеген болатын. 
Осыған сәйкес, «Аудан көлемінде тұрақты автомобиль тасымалдарының маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған комиссия» шешімімен бүгінгі күннен бастап Қазалыда қоғамдық көліктердегі жолақы бағасына өзгеріс енгізілді. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Айта кетейік, кентішілік маршруттардың бағасы 50 теңгеден 40 теңгеге төмендесе, ауданішілік маршуттардың (елді мекендерге қатынайтын) жолақы құны 20 теңгеге арзандады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: