Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жол-көлік оқиғасынан 1 адам қайтыс болды

Жол-көлік оқиғасынан 1 адам қайтыс болдыҮстіміздегі жылдың 26 сәуірінде 15 сағат 00 минутта ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Қызылорда облысы бойынша филиалының кезекші фельдшеріне шұғыл ақпарат келіп түсті.
Онда Қызылорда облысы ТЖД Бірыңғай кезекші диспетчерлік басқармасынан «Самара-Шымкент» трассасы Шіркейлі елді мекені тұсында жол көлік оқиғасы орын алғанды жөнінде айтылған. Хабар алысымен  филиалдың шұғыл әрекет ету бригадасы ТЖ орын алған жерге дер кезінде жетті. Белгілі болғандай КаМАЗ автакөлігі мен HYUNDAI автокөлігі соқтығысқан. Нәтижесінде  оқиға орнында 1 адам сол жерде қайтыс болған, 2 науқасқа алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, 1 науқас облыстық медициналық орталыққа жеткізілді. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: