Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ШИЕЛІДЕ ЖАСТАР ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫ ТӘЖІРИБЕСІМЕН ТАНЫСТЫ

ШИЕЛІДЕ ЖАСТАР ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫ ТӘЖІРИБЕСІМЕН ТАНЫСТЫШиелі ауданындағы индустриалды-аграрлық колледжінің ұйымдастыруымен «Дуальды оқыту шеңберінде кәсіптік тәжірибені ұйымдастыру» атты семинар болып өтті.
Семинар барысында «Өндіріс электр жабдықтарын жөндейтін және қызмет көрсететін электромонтер» оқу тобының білім алушылары еңбекті қорғау, жұмыс уақытында техника қауіпсіздігі ережесін сақтау, ақаулықтарды жөндеу жөнінде көрініс көрсетсе, «Волковгеология» АҚ №23 геологиялық барлау экспедициясы мекемесінің өндіріс орнында «Сығымдағыш қондырғының машинисі» және «Бұрғылау қондырғысының машинисі» оқу топтарының білім алушылары, кәсіптік тәжірибе кезіндегі бұрғылау және сығымдағыш қондырғыларымен жұмыс жасау тәсілдерін көрсетті.
Дуальды оқытудың экспериментті алаңына енген «Бұрғылау қондырғының машинисі» мамандығымен 22 оқушы, «Сығымдағыш қондырғының машинисі» мамандығымен 25 оқушы, «Электр жабдықтарын жөндейтін және қызмет көрсететін электормонтер» мамандығымен 25 оқушы кәсіптік тәжірибеден өтуде.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: