Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ/ПРООН) 10-13 тамыз аралығында Арал ауданы, Қамыстыбас ауылдық округінде практикалық семинар-тренинг өткізді.
Семинар барысында Бішкек, Тараз, Астана қалаларында оқыған қолөнер шеберлері кәдесый дайындау бойынша Қызылорда облысының қолөнер шеберлеріне және Арал ауданының жұмыссыз қыз-келіншектерімен тәжірибе алмаса отырып өз тәжірибелерімен бөлісті.
Бұған қос, арнайы басқосуда БҰҰДБ-ның қолдауымен Бішкек, Тараз және Астана қалаларында оқып келген Ұлмекен Мауытова, Айдана Әлайдарова және Айсұлу Садықовалар шеберлік кластар көрсетіп және ұлттық терме алаша өнерін жаңғырту бойынша Абдуллаева Назипа және Бөденқұлова Қаныкүл апаларымыз өздерінің тәжірибелерімен бөлісті.