Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ДМИТРИЙ БАЛАНДИННІҢ ЖЕЙДЕСІ 1,5 МИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ САТЫЛДЫ

ДМИТРИЙ БАЛАНДИННІҢ ЖЕЙДЕСІ 1,5 МИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ САТЫЛДЫБурабайдағы қайырымдылық бәссаудасында 200 метр қашықтыққа жүзуден Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің жейдесі 1 миллион 450 мың теңгеге сатылды, деп хабарлайды Қазспорт.
Футболканы иеленген жас жігіттің есімі Гурам.
Винченцо Нибалидің Джиро д'Италияда жеңіске жеткен Джерсиі де сондай бағаға - 1 миллион 450 мың теңгеге бағаланды. Оны Дархан Қалетаев сатып алды. Д.Қалетаев Нибалидің «Астана» велокомандасындағы соңғы маусымын өткізіп жатқанын, сол себепті футболканың бірегей екенін атап өтті.
Бәссауда әлі де жалғасады. Ол биыл төртінші рет өтіп жатқан қайырымдылық веложарысынан кейін басталады. Жыл сайынғы веложарысты Олимпиада чемпионы Александр Винокуров ұйымдастыруда.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: