Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАЗАҚПАРАТ СТИЛІН ӨЗГЕРТУДЕ

ҚАЗАҚПАРАТ СТИЛІН ӨЗГЕРТУДЕ«ҚазАқпарат» ХАА контентін кеңейтіп, сайт дизайнын өзгертеді және мобильдік қосымшасын жетілдіреді. Бұл жөнінде ҚазАқпарат тілшілері мәлім етті.
«Бұрынғысынша басымдылық мемлекеттік саясат, әлеуметтік-экономикалық саладағы жаңалықтарға беріледі. Алайда, сонымен бірге біздің мақсатымыз қатардағы оқырманның сұранысына сай болу. Сондықтан сайтта осы мүдделерге сәйкес келетін материалдар жарияланады», - деді Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің бас директоры Әсел Төлегенова. 
Оның сөзіне қарағанда, контенттегі өзгерістер оқырмандардың таңдауына жүргізілген талдауды есепке ала отырып айқындалды. Осы ретте оқиғалар, қылмыс, жемқорлық, қаржы, баспана, автожүргізушілерге арналған жаңалықтар, медиа тұлғалары, жанжалдар секілді тақырыптар ескеріліп отыр. Сонымен қатар әлеуметтік желілерден, азаматтардың шағымдарына қатысты ақпарат және түрлі мессенджерлер арқылы хабарламалар белсенді пайдаланылады. 
Сайттың жаңартылған графикалық дизайны мен басты беттің өзгертілген құрылымы оқырман үшін пайдалануға ыңғайлы бола түседі. Ал орындалған дизайнның түстік гаммасы қаралым барысында көзге салмақ түсірмейді.
Редакцияның пайымынша, жүргізіліп жатқан жұмыстар сайттың тартымдылығын арттырып, көпшілік аудитория үшін қолжетімдірек болуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде, сайттың бір тәуліктегі бірегей пайдаланушылары 27 мыңнан 45 мыңға дейін жеткізілмек.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: