Облыстық ардагерлер кеңесінің семинарына келген қонақтардың сапары, кент орталығындағы Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ашылған «Қазақ елі» аллеясында жалғасты.
Қазақ тарихынан сыр шертетін парасатты хандар, ақылгөй абыздар, әділетті билер, айбатынан ай бұққан қайратты батырлардың келбеті бейнеленген аллеяны аралаған ардагерлер, аталған аллеяның тұрғындар үшін демалыс аймағы ғана емес, кент келбетіне көрік берген айшықты нысан екенін атап өтті.