Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА ФРАНЦУЗ АСҚАБАҒЫ МЕН ИСПАН ҚАУЫНЫ ӨСЕДІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ФРАНЦУЗ АСҚАБАҒЫ МЕН ИСПАН ҚАУЫНЫ ӨСЕДІ

 

Қызылордалық жас кәсіпкерлер Ержан Сүгірәлин мен Арыстанбек Шайменов биыл Кәсіпкерлер палатасына «Бизнес-Өсу» жобасы аясында қызмет түрлерін алуға өтінім білдіреді.
Нәтижесінде Кәсіпкерлер палатасының сүйемелдеуімен «Искер М» ЖК басшысы Ержан Сүгірәлин жоғарыда аталған қызмет түрлерімен толықтай қамтамасыз етіліп, өсімдік шаруашылығы саласындағы жобасын жүзеге асыруға мүмкіндік алды, - деп хабарлады облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінен. 
Жалпы құны 10 млн. теңге тұратын жоба «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС арқылы қаржыландырылды. Аталмыш қаржыға 8 га жер дайындалып, тамшылатып суғаруға арналған жүйе мен құрал-жабдықтар сатып алды. Кәсіпкер ұзақ жылдан бергі тәжірибесін қолдана отырып, таза табиғи өнім алуды жоспарлаған. 
Қазір мұнда француз асқабағы, голланд, испан қауыны пісіп, сатылуда. Кәсіпкер жігіттер келер жылы алқап ауқымын 100 гектарға кеңейтпекші. 

ҚЫЗЫЛОРДАДА ФРАНЦУЗ АСҚАБАҒЫ МЕН ИСПАН ҚАУЫНЫ ӨСЕДІ

 


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: