Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАҢҒЫБАС МЫСЫҚ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ ДИКТОРҒА КЕДЕРГІ КЕЛТІРДІ (ВИДЕО)

 

Бұл оқиға Түркияның аймақтық телеканалдарының бірінде орын алған. Дәл сол сәтте «Қайырлы таң, Денизли» атты таңғы шоудың түсірілімі өтіп жатты. 
Шоу жүргізушісі басылымдарға жарияланған мақалаларға шолу жасап жатқан-ды. Осы уақытта қаңғыбас мысық жүргізуші столына жайғасып алды. Жүргізуші ешбір сасқан жоқ. Бағдарламаны одан әрі жалғастыра берді. Мысық та өзінің әрекетін жасай берді. Көрермендер назарын аударды. Сәлден кейін жүргізуші ноутбугының үстіне барып жатып алды. Диктор да оны басынан сипап мейірім көрсетті. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: